Астанада жеке инвестицияларды тарту есебінен қуаты сағатына 500 мегаватт болатын бу-газ қондырғысы салынады.
Ол қаланы электрмен қамтуға, тапшылықты жоюға мүмкіндік береді. Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов елордадағы үшінші Жылу электр орталығына барып, Президент тапсырмасы аясында энергетикалық инфрақұрылымды тексерді. Қазір шаһарда үш жылу орталығы мен 2 газ жылу стансасы жұмыс істейді. Келер жылы тағы бір нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Үкімет басшысы салалық министрліктер мен әкімдікке тиісті жобаларды аяқтауды жеделдетіп, елдегі жылыту маусымының тұрақты өтуін бақылауда ұстауды тапсырды. Олжас Бектенов орталықты аралау барысында ондағы еңбек ұжымымен де тілдесті. Ол 15 наурызда өтетін референдумға азаматтардың белсенді қатысу маңызын атап өтті. Ал мекеме қызметкерлері жаңа Конституция жобасын қолдайтынын жеткізді.
Назымбек Қасенов, «Астана-энергия» АҚ ЖЭО-3 бас инженері:
- Энергетикада қуат пен жүктеменің тепе-теңдігі, ал мемлекетте – өкілеттіктер мен институттардың тепе-теңдігі маңызды. Конституция осы жүйенің сәулетін нық белгілейді. Ұсынылған өзгерістер – мемлекеттің одан әрі дамуы үшін берік құқықтық негіз қалыптастырады. Мен Конституцияның жаңа редакциясын елдің тұрақты және әділ дамуының негізі ретінде қолдаймын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Астана #энергетика #инфрақұрылым #Таңдаулы #референдум 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz