RU
Толық нұсқаға өту

Үкімет өңдеу өнеркәсібіне қолдау көрсетеді

16.02.2026, 15:00 173

Елордадағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі былтыр 3 трлн теңгеден асты. Кәсіпорындардың көбі №1 Индустриялық парк аумағында шоғырланған.

Мұнда құны 300 млрд теңгеден асатын 137 жоба бар. Олжас Бектенов өнеркәсіптік және цифрлық инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылу барысын тексеру үшін қаладағы бірнеше нысанды аралады. Алдымен премьер-министр өрт сөндіру және арнайы техника мен аспалы жабдықтар өндіретін «Автокомпоненты KZ»  зауытымен танысты. Жобаны жүзеге асыруға 5,1 млрд теңгеден астам жеке қаражат жұмсалған. Жылына 400 техника шығарады. Олжас Бектеновтың айтуынша, Үкімет өндіріс пен локализациялауды қамтамасыз ететін кәсіпорындарға инфрақұрылым, кадрларды даярлау және нақты тапсырыс тетіктері арқылы қолдау көрсетеді. Премьер-министр сондай-ақ Astana Smart City жобасын іске асыру аясында құрылған Деректерді өңдеу орталығына да барды. Бұл – Қазақстандағы қалалық инфрақұрылым қажеттіліктеріне арнайы салынған алғашқы дата-орталық. Мұнда қалалық ахуалдық орталықтың, бейнеталдау жүйелерінің, жасанды интеллект платформаларының және қалалық ортаны басқару жөніндегі цифрлық қызметтердің жұмыс істеп тұр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz