RU
Толық нұсқаға өту

Блиц: Балаңыз мектеп асханасындағы тағамды жей ме?

16.02.2026, 16:33 156

Асқа қатысты қандай да бір шағым айта ма?

Арна тілшілері бұл сауалды тұрғындарға қойып көрген еді, жауабын бірге тыңдайық.

БЛИЦ

- 2 балам мектепте оқиды үшінші және бесінші сынып, екеуі де ұл бала. Олар мектептегі асхана туралы шағым айтқанын естіген мен естіген жоқпын. Бәрі бір балалар үйдегідей тамақ іше алмайды ғой мектепте. Үйде тойымды болсын деп майлы қылып жасаймыз, сорпаны көп жасаймыз. Ол тамақтарды қинап көбірек беріп қоямыз балаларға. 

- Биыл қыркүйекте балам 1-сыныпқа барады. Мектептердегі стандартты мәзір туралы естідім. Мұндай жаңашылдыққа келіспеймін, себебі балаларым кәдімгі үйдегідей тұзды әрі тәтті тамақтар жегенді жақсы көреді. Сондықтан баламды жеке мектепке берсем деп отырмын.

- Мектепте оқитын інім бар, кейде айтып отырады тамағы ұнамайды, майсыз деп. Мектептегі тамақ үйдегіге жетпейді ғой. Енді білмеймін ондай қатты арыз-шағымы жоқ. Бірақ кейде айтып қалады ұнамай қалды деп.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz