RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда жастар жаңа Конституция жобасын талқылады

16.02.2026, 22:00 188

Петропавл қаласының студенттері жаңа Конституция жобасын талқылады.

Кездесу Kozybayev University медициналық факультетінің базасында өтті. Оған қаладағы медициналық мекемелердің өкілдері мен жоғары оқу орнының қызметкерлері қатысты. Пікірталас алаңында түрлі мәселелер көтерілді. Бір палаталы Парламентке көшу мәселесінен бастап ғылым мен білім беруді дамытуға дейінгі тақырыптар қамтылды. Дегенмен, ең көп талқыланған жаңашылдықтар медицина саласына қатысты болды. Атап айтқанда, медициналық көмектің көрсетілуіне берілетін кепілдіктер мен медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау мәселелері сөз болды. Еске сала кетейік, Ата Заңның жаңа редакциясы бойынша республикалық референдум 15 наурызда өтеді.

Еркежан Әбілқайырова, студент:

- Жаңа Конституция жайлы іс-шараға келдік. Жаңа құжат жайлы сөйлестік, жаңа реформалар жөнінде. Әлі танысқан жоқпын, бірақ осы іс-шараға жаңа мәліметтер алуға келдім.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz