RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекеттік басқару KPI арқылы бағаланады

16.02.2026, 22:45 191

Биылдан бастап мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жұмысы бюджеттен тыс қаражат тарту бойынша KPI (КиПиАй) көрсеткіштері арқылы бағаланады.

Басым инвестициялық жобалар пулы қалыптасады. Өткен аптада Үкімет басшысы Олжас Бектенов осындай тапсырма берді. Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігіне "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясымен бірлесіп, Kazakhstan Investment House алаңы арқылы ірі инвесторлармен жұмысты күшейту тапсырылды. Бұдан бөлек Бектенов бір ай мерзім ішінде 2030 жылға дейін негізгі капиталға салынатын инвестициялар бойынша жаңа нысаналы индикаторларды әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігіне іске қосылған жобалар бойынша мониторинг жүргізу регламентін әзірлеу жүктелді. Осы мақсатта ұлттық цифрлық инвестициялық платформада салалық модульді енгізу жеделдетіледі. Бұл инвестициялардың тиімділігін нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz