RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде әуе отынын өндіретін зауыт ашылады

17.02.2026, 13:40 164

Қазақстанда экологиялық автокөлік және авиациялық отын өндіретін зауыт салынады. Бұл жайлы Үкімет отырысында айтылды.

Айта кетерлігі, ТМД аумағында экологиялық таза автомобиль мен әуе отынын өндіретін зауыт жоқ. Қазақстандық жоба алғашқысы болмақ. «ҚазМұнайГаздың» америкалық серіктестермен ынтымақтастығы нәтижесінде, инвесторлар жобаға шамамен 200 млн АҚШ долларын құюға әзір. Зауыттың қуаты 50 мың тонна отын өндіруге жететін болады. Бұдан бөлек, үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті әртараптандыру талқыланды. Мәселен Солтүстік Қазақстанда бидайды өңдеу арқылы биоэтанол мен глютен өндіретін зауыт іске қосылған.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz