RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысында азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді

17.02.2026, 19:20 177

Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау күшейтілді.

Енді мониторинг әлеуметтік маңызы бар өнімдер тізімінің кеңеюіне және сауда үстемесінің 15%-дан асып кетуіне жол бермеу мақсатында тұрақты түрде жүргізіледі. Жыл басынан бері өңірде 15 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 934 мың теңге айыппұл салынды. Тексеру барысында кәсіпкерлердің сүт, күріш, тауық еті, күнбағыс майы, жұмыртқа, ұн, тұз, сондай-ақ тізімге жаңадан енгізілген әлеуметтік маңызы бар тауарларды шекті бағадан жоғары сатқандығы анықталды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz