RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстауда сарбаз жаттығу кезінде мерт болды

17.02.2026, 19:40 216

Маңғыстау облысындағы «Бейнеу» полигонында мерзімді әскери қызметші жоспарлы атыс жаттығуында мерт болды.

Құрлық әскері баспасөз қызметінің мәліметінше, ол қаруды қолданған кезде жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.  Бұл оқиға  бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бейнеуге Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған комиссия жіберілді. Айта кетейік, бұл биыл  Маңғыстауда болған екінші қайғылы жағдай. Қаңтарда Ақтаудағы «Оймаша» полигонында кіші сержантты жүк көлігі қағып, мерт қылған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz