RU
Толық нұсқаға өту

Halyk әйелдерді қолдауға 1 млрд теңге бөлді

17.02.2026, 22:00 213

Алматыда Women in Business атты жыл сайынғы форум өтті. Оған 300-ден астам кәсіпкер әйел қатысты. Дәстүрге айналған форумды Іскер әйелдер кеңесі Halyk Bank-тің қолдауымен ұйымдастырды.

Оған қоғам қайраткерлері, қаржы секторының көшбасшылары, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік мекеме өкілдері қатысты. Экономикалық сын-қатерлер кезеңіндегі бизнесті сақтауға және дамытуға қатысты пікірелер айтылды.

Елімізде миллионнан астам әйел кәсіпкерлікпен айналысады екен. Олар қызмет көрсету саласынан бастап білім беру жобаларына дейін көптеген салада еңбек етеді. Бұл  барлық шағын және орта кәсіпкерліктің 48 пайызы. Кәсіп бастаған әйелдер үшін басты қиындық қаржы табу. Осы кедергіні тиімді еңсеру әдістері іскер әйелдердің 12-ші форумында талқыланды.

Үміт Шаяхметова, Halyk Вank басқарма төрайымы:

- Бүгінгі форум аясында Halyk Bank әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға арналған кезекті акциясын жариялағанын айта кеткім келеді. Банк 10 пайыздық жеңілдетілген мөлшерлемемен 1 млрд теңге бөлді. Осылайша, әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бөлінген қаржы көлемі 8 млрд теңгеден асты. Мұндай жеңілдетілген қаржыландыру жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сонымен қатар, Halyk Bank Visa компаниясымен бірлесіп She’s Next жобасына қатысады. Бұл әйелдердің кәсіпкерлік қабілеттерін шыңдауға арналған білім беру бағдарламасы. Қатысушылар өз ісін жүргізуді үйреніп, гранттық қолдауға ие бола алады. 

Ақеркін Ералиева, Алматы қ. Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:

- Halyk Bank 12 жылдан бері әйелдер бастамасын, соның ішінде біздің форумды қолдап келеді. Осы алаңның арқасында 3000-нан астам әйел оқудан өтті, кеңес алды, нетворкингке қатысып, менторлық қолдау алды. Қаржыландыру бойынша да өте жақсы мүмкіндіктер бар. Менің ойымша, шағын және орта бизнестегі әйелдерді қолдауға арналған өте жақсы жаңалық.

Экономикалық трендтер, цифрландыру мен жасанды интеллект, салықтағы өзгерістер, бизнес-дағдыларды дамыту осының бәрі форум аясында айтылды. Сондай-ақ бизнестің биігіне шыққан әйелдер табысқа жету құпияларымен бөлісті.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Эдуард Кон

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz