RU
Толық нұсқаға өту

Hyundai көліктері көш бастап тұр

17.02.2026, 22:15 200

Hyundai көліктері қазақстандық автонарықтың көшін бастап, үшінші жыл қатарынан сатылым бойынша оқ бойы озық келеді.

Осылайша, Қазақстан Hyundai үшін Оңтүстік Кореядан кейінгі ең ірі нарыққа айналып отыр. Ресми деректерге сүйенсек, 2025 жылы Қазақстан нарығында 50 мыңнан астам Hyundai автокөліктері сатылды. Бұл бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Осылайша, корей маркасы қазақстандық автонарықта үш жыл бойы үздіктер көшін бастап тұр. 

Бекнұр Несіпбаев, «Astana Motors» бас директоры:

- Мақсатымыз Hyundai шығаратын автокөліктердің локализациясын көтеру. Басқа қосалқы бөлшектерді Қазақстанда шығару және ең соңында сол автокөліктердің бағасын біздің азаматтарымыз үшін төмендету. 

Сатылыммен қатар отандық өндіріс те өркен жайып келеді. Былтыр қазақстандық зауытта 52 мың көлік өндірілді. Өнімділік көлемін жақсарту үшін зауытқа 12 робот орнатылды. Олар дәнекерлеу, бояу сынды жауапкершілігі жоғары жұмыстарды мүлтіксіз атқарып келеді. Құлтемірлер көмегімен өндіріс 2 есе артқан. Сонымен қатар жергілікті өндіріс пен қолжетімділік елдің автопаркын жаңартуға оң әсер етеді, бұл өз кезегінде жол қауіпсіздігі мен экология мәселелеріне ықпал етеді

Ербол Қасымханов, «Hyundai Trans Kazakhstan» зауытының өндіріс жөніндегі директордың орынбасары:

- 2025 жылы өндіріс толығымен жаңғыртылып, бүкіл өндірістік цехтарға 12 робот орнатылған. Соның арқасында тиімді сапа және локализация арқылы 2025 жылы өндірісті екі есе ұлғайтып, қазіргі кезде тұрақты сапа және замауи технологиялар арқасында Hyundai Қазақстанда №1 бренд болып келеді.

Бүгінгі таңда Astana Motors көліктер, коммерциялық техника мен автоорындықтар және мультимедиялық жүйелерді шығарады. 2026 жылы компания жаңа  қосалқы бөлшектерді, атап айтқанда еден кілемшелері,климаттық жүйелер және бәсеңдеткіштерді (глушитель)  өндіруді жоспарлап отыр. Алдағы уақытта дөңгелек дискілер мен электр сымдарын осында өндіруді қолға алынбақ.

Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Бақытбек Нұртаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz