RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

17.02.2026, 23:40 232

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері Шымкент тұрғындарына Ата заң жобасының жаңа мәтінін түсіндірді.

Делегацияны Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды. Коалиция мүшелері ғылыми қауымдастық өкілдерімен, мәдениет саласының қызметкерлерімен, коммуналдық кәсіпорындар мен мұнай өңдеу зауытының еңбек ұжымдарымен кездесті. Іс-шараға тағы педагогтар мен студенттер қатысты. Кездесу барысында қозғалыс өкілдері басты құжаттың жаңа редакциясында адам құқықтарына, еңбекке, білімге және қауіпсіздікке басымдық берілгенін тілге тиек етті.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Біз биік мұратқа бастайтын үлкен жолға қарай тағы да аттанып бара жатырмыз. Алдымызда ауқымды іргелі істер тұр. Оған біз қашан және қалай жетеміз? Біз тек әділет салтанат құрған кезде ғана жетеміз. Заң мен тәртіп үстемдік құрған кезде ғана жетеміз. Жастар білім мен ғылымның, инновациялық технологияның тілін толық игерсе ғана жетеміз. Оған мыңжылдық тарихымыз бен төл мәдениетімізбен жетеміз. Осының барлығы жаңа Конституцияда тайға таңба басқандай көрініс тауып отыр.

Ардақ Монтаев, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі:

- Әлемдегі геосаяси жағдайлар тұрақсызданып, әлем ынтымақ пен бірліктің, қауіпсіздіктің деңгейі төмендеуде. Әр мемлекет өзінің ішкі саясатын осындай жағдайда нығайтып, институттарын берік ұстауға мәжбүр. Осы жағдайда біздің мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып отырған Конституциялық жаңаруы уақыт талабы ғана емес, стратегиялық қажеттілік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz