Қазақстан экономикасын өрістету үшін логистиканы мықтауы қажет.
Теміржол мен тас жолдың әлеуетін барынша арттырып, Қытай мен Еуропаны жалғадық. Үнді мұхитына да жол саламыз. Бірақ мұнымен шектелу аздық етуі ықтимал. Сол себепті әуе арқылы жүк тасымалдауға күш салу қажет.
Президент жүк тасымалдаушы компания құруды тапсырды. Елдің бірқатар өңірінде әуе хабтарын салуды міндеттеді. Бұл орталықтар өз ұшақтарымыз ғана емес шетелдік ірі жүк тасымалдаушыларға да қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек авиаотын бағасын реттеуге тиіспіз. Бұл жұмыстар қалай жүзеге асады? Бастамасы қалай?
Нұрқанат Қанапия, тілші:
- Жыл санап өзге елдермен әуе байланысы нығайып келеді. Қазір елден әлемнің 30 мемлекетіне тікелей ұшып баруға болады. Яғни 135 халықаралық маршрут бойынша аптасына 626 рейс қатынайды.
ӘУЕ БАЙЛАНЫСЫ
30 мемлекет
135 бағыт
Аптасына 626 рейс
Бағыт саны көбейген сайын азаматтық авиация паркі ұлғайып отыр. Бүгінде 109 әуе кемесі бар. Биыл 9 ұшақ сатып алынады. Ал 2030 жылға дейін, яғни 5 жыл ішінде 57 лайнер жеткізілуге тиіс. Бұлардың қатарында Airbus A320 және Boeing 737 MAX 8 сынды әлемге белгілі брендтер бар екенін атап өтейік.
АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ
Барлығы – 109 ұшақ
2026 жылы – 9 ұшақ
2030 жылы – 57 ұшақ
Airbus A320
Boeing 737 MAX 8
АСТАНА
Әділет Көбенов, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Стратегиялық талдау және азаматтық авиацияны дамыту департаменті басқармасының басшысы:
- Біздің Президентіміз жақын арада АҚШ-қа ұшқан кезде “Боинг 787 дримлайнер” бірқатар әуе кемелерін алу бойынша сондай үлкен контрактіге қол қойылды. Сол контракті бойынша тиісті мерзімге сәйкес әуе кемелері келетін болады. Сол әрине әуе кемелерге қызмет көрсету бойынша инженерлік тұрғыда, техникалық тұрғыда, сонымен қатар тиісті ұшқыштарды дайындау бойынша әрине жұмыстар, шаралар қабылданып жатыр.
Елдің логистикалық әлеуетін толық пайдалану қажет. Әрине, бұл тұрғыда ірі жүк тасымалдаушыларға қызмет көрсете алуымыз керек. Президент бірнеше өңірде әуе хабын құруды тапсырды. Соған сай Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Түркістан, Ақтөбе және Ақтау қалаларында тиісті жұмыс жүріп жатыр. Бұған дейін 2024 жылы Алматыда ірі терминал іске қосылды. Соның арқасында әуежай жылына 14 млн жолаушыға қызмет көрсете алады. Ал биылғы күрделі жөндеуден кейін 19 млн жолаушыға жетеді.
ӘУЕ ХАБТАРЫН ҚҰРУ ЖОСПАРЫ
АСТАНА
АЛМАТЫ
ШЫМКЕНТ
ҚАРАҒАНДЫ
ТҮРКІСТАН
АҚТӨБЕ
АҚТАУ
Тағы бір мәселе - авиаотын бағасы. Кейінгі кезде нарықтағы делдалдарды жою бойынша жұмыс жүргізілді. Сәйкесінше авиаотын бағасы тоннасына 1200-1300 доллардан 950 долларға түсті. СНХ.
АВИАОТЫН БАҒАСЫ
2025 жылы: 1 тонна – $1 200-1 300
2026 жылы: 1 тонна – $950
АСТАНА
Әділет Көбенов, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Стратегиялық талдау және азаматтық авиацияны дамыту департаменті басқармасының басшысы:
- 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап “Қазмұнайгазаэро” компаниясымен авиаотынды шамамен тоннасына 1000 доллар, не болмаса одан да төмен бағамен сату бойынша сондай жұмыс қабылданып жатыр. Сонымен қатар импорттанып жатқан авиаотынға кедендік бажды, үстіне қойылдған құнды қысқарту бойынша немесе алып тастау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қазіргі уақытта “Қазмұнайгазаэро” жалғыз оператор болып жатыр.
Былтыр отандық әуе компаниялары 30 мың тоннадан аса жүк тасымалдады. 2024 жылмен салыстырғанда 8 пайыздан астам өсім бар. Яғни екі жыл бұрын 27 800 тонна жүк діттеген жеріне жеткізілген.
ЖҮК ТАСЫМАЛЫ
2025 жылы – 30,1 мың тонна
2024 жылы – 27,8 мың тонна
Өсім – 8,3%
Жалпы отандық әуе байлынысының әлеуеті арта беруі тиіс. Себебі елде бірнеше әуежай жаңадан салынып жатыр. Ал Астана әуежайында екінші ұшып қону жолының құрылысы басталмақ. Бұдан кейін әуежай мүмкіндігі 4 есе өсіп, жылына 40 млн жолаушыны қабылдауға жол ашылады.
Нұрқанат Қанапия, Мадияр Қындыбаев, Диас Қобланбаев және Нұрбол Ілиясов
Тегтер #Таңдаулы #әуе хабы #Қазақстан #азаматтық авиация #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz