RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан картасындағы жаңа ауыл

18.02.2026, 21:10 286

Биыл Қазақстан картасында жаңа елді мекен пайда болады. Шығыс өңірдегі Қайыңды ауылын Самар ауданы құрамына қосу туралы тиісті қаулыға қол қойылды.

Бұған дейін Қайыңды ауылы ешбір әкімшілік аумақтың құрамында болмаған. Себебі елді мекен мемлекеттік орман қорының аумағында орналасқан. Осыған байланысты тұрғындар тұрақты тіркеуге тұра алмай, әлеуметтік және инфрақұрылымдық қызметтерді толық пайдалану мүмкіндігінен шектеліп келді. Табиғаты көркем аймақ туризмді дамытуға сұранып тұрғанымен, рұқсат құжаттарының жоқтығы кәсіпкерлердің жұмысын тежеді. Бизнес өкілдері 15 жыл бойы уәкілетті органдарға жүгініп келген. Енді Экология министрлігі тиісті қаулыны бекітіп, ауылды ресми түрде аудан құрамына енгізу үдерісін аяқтады. Қазіргі таңда жергілікті әкімдік жаңа елді мекеннің құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мәселе біздің арнамыздан да бірнеше рет көтерілген болатын.

Серік Жеңісов, Самар ауданының әкімі:

- Былтыр 2025 жылы толығымен сол жұмыспен айналыстық. «Постановление» шығарып, бәрін шығардық. Биыл басты мәселе қалды, сол ауылдың бас жоспарын жасауымыз керек. Оны орман қорынан алып шығамыз. Сонымен 6-7 айда бұл мәселені шешеміз.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz