Жаңа Конституция жобасы жастардың дамуына жол ашады. Өйткені маңызды құжатта жаңа толқынның рөлі айқындалып, ғылым мен білімге ерекше көңіл бөлінген.
Көкшетауда өткен дөңгелек үстелде жергілікті ғалымдар осындай пікір білдірді. Жиында халықаралық тәжірибені оқу процесіне интеграциялау, студенттердің даярлығын жетілдіру және академиялық ұтқырлықты дамыту сияқты бірнеше мәселе талқыланды.
Ардақ Қапышев, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің проректоры
- Ата заңның негізгі идеясы болашаққа бағытталған. Қазақстан Республикасында астам қазіргі кезде жастар 30 пайыздан асады. Сондықтан біз айтып отырған негізгі концепция экономика білімнен болу керек. Минералды әртүрлі ресурстарға сүйенбей, білімнің, ғылымның экономикасына сүйену керек.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Көкшетау #конституциялық реформа #Заң мен тәртіп
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz