Елде жұмыс істейтін жастардың басым бөлігі жаңа Конституция жобасын қолдайды.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің үйлестіру орталығы отырысында айтылды. Жиынға депутаттар мен бірнеше облыстағы қоғамдық кеңес жетекшілері қатысты. Олар Ата заңдағы өзгерістерді түсіндіру мақсатында құрылған жалпыұлттық коалиция мүшесі. Қатысушылар кәсіпорындарды аралап, еңбек ұжымдарымен кездескен. Жүздесу барысында жұмысшылар халық мүддесіне бағытталған бастамаларды оң бағалаған.
Зұлфухар Ғайыпов, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, конституциялық комиссия мүшесі:
- Бұл уақыт талабы, онда тұрған түкте жоқ. Қазақта мақал бар ғой, 50 жылда ел жаңа қазір біз цифрлық заманда өмір сүріп жатырмыз. Озық ойлы ұлт боламыз десек, өзгермелі әлемде біз көштен қалып қоймау керекпіз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #конституциялық реформа #жастарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz