Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары зауыттардың қоршаған ортаға зиянын азайтудың әдісін іздеп жатыр.
Олар титан мен бериллий өндіру кезінде көміртектің орнына сутегін қолданбақ. Бұл мәселе бүкіл әлем үшін маңызды болғандықтан ғалымдар Еуропалық Одақтың Horizon Europe атты халықаралық зерттеу бағдарламасына қосылды. Жоба жүзеге асса, сирек металдарды өндіру кезінде ауаға көмірқышқыл газы емес, таза су буы бөлінеді. Бұл Өскемен қаласы үшін өте өзекті. Себебі мұнда титан мен бериллий шығаратын екі ірі зауыт бар. Ал қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазгидромет Өскеменнің ауасын еліміз бойынша ең қатты ластанған деп бағалады.
Айбар Қизатов, Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғылыми қызметкері:
- Қазір бұл жұмыс зертхана деңгейінде жүргізіліп жатыр. Әлемде мұндай тәсіл өндірісте әлі қолданылған жоқ. Horizon бағдарламасының мақсаты жаңа, экологияға зияны аз технологияларды дамыту және ғылыми ынтымақтастықты күшейту.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ШҚО #өндіріс #техникаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz