RU
Толық нұсқаға өту

Сыр спортындағы түйткілдер талқыланды

19.02.2026, 15:15 283

Қызылорда облысында ресми тіркелген 67 спорт федерациясы бар. Соның 12-сі ғана атқарған жұмысы бойынша есеп берген.

Қазір қалған 55 федерацияның қызметіне қатысты нақты шаралар қабылданып, қажет болған жағдайда аккредитациядан айыру мәселесі қаралып жатыр. Бұл жайтты жергілікті дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев жіті назарда ұстап отыр. Сондай-ақ жиында өңірдегі спорт инфрақұрылымы сынға алынып, арнайы спорт мектептері мен клубтардың нәтижесі сараланды. Одан бөлек олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға басымдық беріліп, қаржыны тиімді игеру мәселесі көтерілді. Мамандардың айтуынша, қазір кейбір мекемелерде әлі де олимпиадалық емес спорт түрлеріне басымдық беріліп отыр. Осыған байланысты қаржыландыруды қайта қарап, нәтижеге бағытталған жүйе қалыптастыру тапсырылды.    

Бақтияр Артаев, Қызылорда облысы Дене шынықтыру, спорт және турзим басқармасының басшысы:

- Президенттің тапсырмасы ұлттық құрылтайда берген. Басым спорт түрлерін анықтау соны белгілеу, қорытындылау сол бағытта жұмыс істеу және келесі олимпиадада міндетті түрде медаль болу керек. Осы бағыттағы мәселелерді қарадық. Осыған байланысты тапсырма бердік. Өйткені 4 жылдықтың қорытындысы олимпиада ойындарымен қорытындылады. Сондықтан біз олимпиада бағытында жұмыс жасауымыз керекпіз.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz