RU
Толық нұсқаға өту

Жетісудың таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі бар

19.02.2026, 19:19 194

Жетісу облысының таулы аймақтарында былтырғыға қарағанда 12 сантиметрге қар қалың түскен.

Күннің жылынуы салдарынан көшкін жүру қауіпі артты. Сондықтан облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлері арнайы рейд өткізіп, қар сырғымасы болатын аймақтарды тексеріп қайтты.

Нүрия Кәукенова Рудник Текелі гидробекетінің бақылаушысы. Ол айына үш рет Текелі өзенінің бойындағы 13 шақырымдық таулы аймақты шолып, ақ ұлпаның қалыңдығын өлшейді. Сол арқылы қар көшкіні болатын қауіпті орындардағы жағдайды бағамдайды. 

Нүрия  Кәукенова, "Қазселденқорғау" ММ Текелі өндірістік пайдалану бөлімінің гидробекет бақылаушысы:

- Менің қарауымда 35 қар көшікіні қар түсетін ошақ бар. 13 лавина өте ең қауіптісі. Жыл сайын түсіп тұрады. Бірақ грунтовый жолға түседі, елді мекен жоқ. 

Сала қызметкерлері қардың қалыңдығымен қоса қатпарларын да зерделейді.

- Мұздық қар деп айтылады. Бидайық дейді. Зернистый дейді орысша. Келесі жауған қар қыста жауған қар. Мынау скл кейінгі жауған қар. Мынау сулы қар болған соң салмағын массасын көтере алмай мұздық жерден қозғалып кетеді содан кейін лавиа болады.

Кенді қала аумағында Текелі, Қора, Шажа, Қаратал өзендері қосылады. Сондықтан саладағылар ағын судың да деңгейін бақылап, күніне үш рет ақпарат беріп отырады. 

Айтбек Сазанбаев, "Қазселденқорғау" ММ Текелі өндірістік пайдалану бөлімінің басшысы:

- Қазір өзен деңгейі бірқалыпты. Скл Шажа өзені мысалы ең арнасы көтеретіні 75 куб, орташа кубы 18 куб. Қазір минимальный куб 3,5 куб ағып жатыр секундына.

Облыс аумағында қар көшкіні қауіпі бар 61 учаске анықталған. Соның басым бөлігі Текелі қаласында. Қалғандары Панфилов, Сарқан, Кербұлақ және Ескелді аудандарында орналасқан. 

Қуаныш Нұрғалиұлы, облыстық ТЖД инженері:

- Қазіргі таңда Қазгидромед мәліметіне сәйкес таулы аймақтарда қардың биіктігі өткен жылмен салыстырғанда 12 см биік. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында күнделікті мониторинг жүргізіледі. Мониторинг гидропосттар арқылы және де жерүсті тексерістер арқылы жүргізіліп отырады. Қазіргі уақытта учаскелерде жағдай қалыпты. Қар көшкіні түсу фактілері тіркелген жоқ. 

Жетісу облысында күн жылып қар ери бастады. Көшкін жүру қауіпінің артуына байланысты төтенше жағдай қызметкерлері тұрғындарға таулы аймаққа бармау керектігін ескертеді.

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz