Жыл басынан бері Алматы полициясы, пәтер иелері кооперативі мен меншік иелері бірлестігі 180-нен астам құқық бұзушылықты анықтады.
Соның ішінде 45 пәтерде жезөкшелікпен айналысқан, 135 пәтерді заңсыз жалға берген. Сонымен қатар үйлердің сыртына жазылған 600 есірткіге қатысты граффити жойылды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы айтты. Қазіргі таңда Алматыда 1,5 мыңнан астам пәтер иелерінің кооперативі және мүлік иелерінің 4,5 мың бірлестігі тіркелген. Полиция өкілдерінің айтуынша, дәл осы ұйымдар жергілікті жерлерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі негізгі серіктестер саналады. Оған қоса фронт-офистер мен сервистік орталықтар жұмыс істейді. Азаматтардың өтініштері полицияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы да қабылданады.
Айтан Елеусізов, қалалық ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары:
- Сол себепті қазіргі жергілікті атқару органдармен, полиция қызметкерлерімен, ПИК мүшелері тығыз байланыста осы тұрғындардың және қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмысты атқарады. Сол себепті осындай кездесулер болашақта жиі өткізіліп тұрады деген үміттеміз.
Тегтер #Заң мен тәртіп #Алматы #Аула #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz