RU
Толық нұсқаға өту

Биыл елге Boeing ұшақтары жеткізілуге тиіс

20.02.2026, 07:46 212

Бұл Мемлекет басшысы Boeing компаниясының атқарушы вице-президенті Джефф Шоккиді қабылдауында белгілі болды.

Президент отандық Air Astana, SСAT және Vietjet Qazaqstan компаниялары, елдегі авиация саласын дамытуда ерекше маңызға ие ортақ жобаларды одан әрі ілгерілетуге мүдделі екенін атап өтті. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев, Air Astana мен Boeing арасында ұшақ жеткізу бойынша келісімге қол қойылғанын құптады.  

Бұдан бөлек, SCAT әуе компаниясы қосымша Boeing ұшақтарын сатып алмақ. Сондай-ақ америкалық корпорациямен серіктестік негізінде, Шымкент әуежайында алғашқы техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Джефф Шокки компанияның цифрландыру саласындағы жоспарымен бөлісіп, Қазақстанның көлік-транзит әлеуетіне жоғары баға берді. Оның айтуынша, әуемен жүк тасымалдау бағытында нәтижелі ықпалдастық орнатуға мүмкіндік мол. Сонымен қатар кездесу барысында авиация саласына маман даярлау және еліміздегі жүк тасымалдаушы ұшақтар паркін дамыту перспективасы талқыланды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz