RU
Толық нұсқаға өту

Сауалнама: Конституцияның жаңа жобасын халық қолдайды

20.02.2026, 08:00 210

Наурыздың 15-і күні еліміздің болашақ дамуын айқындайтын басты құжат Конституцияға қатысты референдум өтеді. 

Ата Заңның талқыдан өткен жобасы енді елдің таңдауына түседі. Жаңа конституция жобасында «Әділетті Қазақстан» ұғымы мен «Заң үстемдігі» қағидасы негізгі бағыт ретінде айқындалған, ғылым мен білімді дамыту, тіліміздің тұғырын биіктету жайы нақты көрсетілген. Көпшіліктің пікірінше, бұл реформалар – құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы маңызды қадам. 

Сауалнама: 

- Менің ойымша, өте маңызды бір өзгеріс бар. Оның ішінде 3-бап. Осы Конституцияда жастарымызды білім, ғылымға тарту бірінші орында тұрғанын көрсетеді. Сол маған ұнайды. 

- Қазір басқаша. Интеллектке байланысты, адамдардың құқын шектеу, реттеу мәселелері бар. Осының барлығын заңмен ретке келтіріп алмасақ, көштен қалып қоямыз. Сондықтан бұған дұрыс көзқараспен қарауымыз керек. 

- Қазақ тілінің қоғамдағы нақтылануы – болашақта мемлекеттік басқару және де қоғамның қалыптасуындағы қазақ тілінің басымдылығын нығайтатын белгілі бір шешімдердің бірі деп ойлаймын. 

- Қазақ тілінің мәртебесін айқындау – мемлекетіміз үшін ең негізгі қадамдардың бірі. Тіл – тек қана қарым-қатынас құралы емес, ол біздің тарихымыз, ол біздің мәдени құндылығымыз.

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz