Елде қызылша ауруы өршіп барады. Жыл басынан бері 3 мыңнан аса науқас тіркеліп, 9 өңірде індеттің кең таралғаны анықталған. Әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар дертке жиі шалдығып жатыр.
Елдің Бас санитарлық дәрігері жағдайдың ушығуын азаматтардың екпе салдырудан бас тартуымен байланыстырады. Сархат Бейсенованың айтуынша, науқастардың 78%-ы екпе салмаған. Оған қоса олардың басым бөлігі вакцинадан өз еркімен бас тартқандар. Осыған байланысты, Бас санитарлық дәрігер кеше арнайы қаулы қабылдады. Енді балаларды қосымша иммундау шаралары белсенді жүргізіліп, ауру анықталған орындарға шектеулер енгізіледі.
Сархат Бейсенова, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы:
- Аталған қаулыға сәйкес күшейту жұмыстары жоспарланған: қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы иммундау іс-шаралары. Ұйымдасқан ұжымдарда, әскери бөлімдерде, білім беру мекемелерінде қызылша тіркелген кезде егілмеген адамдарды уақытша шеттете отырып, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары. Балаларды стационарларға жоспарлы жатқызуға қойылатын талаптар. Қызылшаға қарсы екпесі болған кезде ғана жүзеге асырылуы тиіс.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #қызылша #екпе #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz