RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысында 60 отбасы баспаналы болды

20.02.2026, 20:10 249

Макинск қаласында тасқыннан зардап шеккен және апатты үйде тұрған жанұялар қоныс тойын тойлады. Жаңа бес қабатты үй реновация бағдарламасы аясында салынды. 

Қазір шағын шаһарда 60 пәтерлі тағы бір үй салынып жатыр. Баспана әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға қарастырылған. Жалпы биыл мың жарымға тарта облыс тұрғыны жаңа баспанаға қол жеткізеді деген жоспар бар.

Мәриям Қасымова, Макинск қаласының тұрғыны:

- Ескі үйде біз екі жыл апат көрдік. Екі жыл суға баттық. Өте қиын болды. Бүкіл дүниеміз суға кетті. Енді міне, жаңа пәтер алып, кілтін алып қуаныштымын. Мен екі бөлмелі үй алып жатырмын. Іші өте жарық, жылы.

Марат Ахметжанов, облыс әкімі:

- Ата заңымыз Конституциямызға сәйкес, біз құқықтық зайырлы әлеуметтік мемлекет деп өзімізді танып отырмыз. Бұл әлеуметтік мемлекеттің айқын көрінісі. Өйткені бұл пәтерлер тегін беріліп жатыр. Ертең өздерінің меншіктеріне ауыстыруға толық мүмкіншіліктері бар.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz