RU
Толық нұсқаға өту

Астанада қызылша дерті өршіп тұр

20.02.2026, 21:10 214

Елде қызылша дерті өршіп тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары мәлімдеді.

Олардың сөзінше, елде жыл басынан бері үш мыңнан астам науқас анықталған. Олардың 80 пайызы екпе алмаған балалар. Дәрігерлер жұқпалы аурға шалдыққандардың басым бөлігі вакцинадан өз еркімен бас тартқандар екенін айтады. Дегенмен, дерттің өршуіне коронавирус пандемиясы кезінде қызылшаға қарсы иммундау жұмыстары уақытша тоқтатылуы да себеп. Қазір жағдайды тұрақтандыру үшін екпе салу қайта қолға алынған.

Наргиз Мұратова, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы:

- Осы уақыт ішінде екпе алмаған балалардың саны артып кетті. Сонымен қатар тиісті деңгейде вакцинамен қамтылмаған кездер де болды. Медициналық себептермен вакцина салуға болмайтын да балалар бар. Сондықтан вакцинация деңгейі 95 пайыз болса біз оларды қорғай аламыз. Қазіргі мақсатымыз осы межеге жету. Себебі қызылша қауіпті ауру. Тіпті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz