RU
Толық нұсқаға өту

СҚО-да бөгеттер биіктетіліп жатыр

20.02.2026, 21:30 245

Солтүстік Қазақстан облысында 112 елді мекенді су басу қаупі бар. Қазір өңірде тасқынның алдын алу шаралары жүріп жатыр.

Бескөл, Прибрежное және Тепличное ауылдарындағы дам-балар, екі есеге дейін биіктетілді. Бұл мақсатқа ресубликалық және жергілікті бюджеттен 9 млрд.теңгеге жуық қаражат бөлінді. Жоба бойынша топырақ үйінділері, монолитті бетонмен нығайтылады. Көктемгі тасқыннан жыл сайын қауіптің ортасында қалатын елді мекендердің бірі – Бескөл ауылы. Аудан орталығында 20 мыңға жуық адам тұрады. Қазір мұнда қорғаныс бөгетін көтеріп, нығайту жұмыстары атқарылып жатыр.

Ауыл тұрғыны Баяхмет Жамалиевтің үйін екі жыл бұрын су басқан еді. Қарияға өтемақы төленіп, шығынның  орны толды. «Қауіп былтыр да болды», - дейді ол. Бірақ ернеуінен шыққан Есіл өзенін жаңадан салынған бөгет ұстап қалған.

Баяхмет Жамалиев, ауыл тұрғыны:

- Өткен жылы қалай келеді деген күдік болып еді. Дегенмен дамбаға аса жеткен жоқ. Ал енді жылдан-жылға биіктетіп келеді. Кеше ғана үстіне шығып, байқап келдім. Кеше ғана үстіне шығып, қайда қайтадан салып, биіктетіп жатқанына өзімнің көңілім соған тоқ.

Қызылжар ауданына қарасты Бескөл, Прибрежное және Тепличное ауылдарындағы бөгеттің жалпы ұзындығы 15 шақырымнан асады. Былтырғы су тасқынынан кейін бүлінген топырақ үйінділерін қайта көтеруге 9 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Ал бұл жолы гиротехникалық құрылыс нысандары күрделі жөнделіп жатыр.

Бахтияр Бикенев, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:

- Қазір дамбалардың биіктігі екі есеге үлғайтылды. Одан бөлек топырақ үйінділері монолитті бетонмен нығайтылды. Бұл гидротехникалық құрылыс нысандары қатты толқындарға төтеп бере алады.

Қызылжар ауданында Есілдің бойында 18 елді мекен орналасқан. Төтенше жағдайлар қызметкерлері оларды бақылауға алып, көктемгі тасқынға қарсы қорғаныс бөгеттерін тұрғызды.

Әзімхан Мерғасымов, Қызылжар аудандық ТЖБ бастығы:

- Одан бөлек Бескөл ауылындағы Қарабек көліне қосымша электр сорғысы орнатылды. Бұл судың деңгейін дер кезінде реттеуге мүмкіндік береді. Өйткені жағадағы үйлерге көктем сайын қауіп төнеді. Жалпы Қызылжар ауданы бойынша 27 эвакуациялық пункт құрылды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша биыл 112 елді мекенді су басуы мүмкін. Өңірде көктемгі тасқынға қарсы іс – шаралар кешені қабылданған. Наурыз айында құтқарушылар өзен-көлдерде мұз жару жұмыстарын жүргізеді. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Қуаныш Қазбеков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz