Азаматтардың цифрлық құқықтары сақталып, жеке деректері қорғалуы керек.
«Талдау» жобасы аясында ҚР Президентінің көмекшісі, Конституциялық комиссия мүшесі Қуанышбек Есекеевтің өткізген дәрісі осы тақырыпқа арналды. Маманның айтуынша, қазіргі заманғы Конституция цифрлық дәуірдің шындығын ескеруі тиіс. Ол адамның байланыс құқығы мен ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін және дербес деректердің сақталуын негізгі құқықтардың қатарына жатқызды. Осы ретте деректерді реттеудің халықаралық мысалдарын келтірілді. Лектордың айтуынша, Қазақстан өз үлгісін қалыптастырмақ. Онда азаматтың өзі негізгі субъект болып қала береді, ал мемлекет қауіпсіздіктің құқықтық және технологиялық тетіктерді қамтамасыз етеді.
Гүлмира Пармышева, Талдау мектебінің қатысушысы:
- Қазір Конституциялық реформаның жанында жаңа жазылып жатқан жеке деректердің қорғалуы жөніндегі, ол қаншалықты жұмыс жасайтыны, қаншалықты халықаралық тәжірибелер зерттелгені жөнінде сұрадық. Өте ауқымды жауап алдық. Оның ішінде конституцяиад басқа елде, еш жерде жеке деректердің қорғалуы жөнінде көрсетілмеген. Ата заңмен қорғалатыны біз үшін болашаққа деген өте үлкен сенім.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Талдау мектебі #конституциялық реформаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz