RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысында жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

20.02.2026, 23:10 308

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері Қарағанды облысына барды.

Еңбек ұжымдарымен кездесіп, жаңа Конституция жобасындағы негізгі басымдықтарды түсіндірді. «Орталық және өңірлер - өзара іс-қимылдың жаңа моделі» формуласын талқылады.  Жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіктерін кеңейту, мәслихаттардың рөлін күшейту және билік пен қоғам арасындағы жүйелі диалогты дамыту жайлы пікір алмасты.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі:

- Әрине, тағдыр шешуші құжат болғандықтан ол жайында халық арасында қызығушылық көп. Абсолютті көпшілік бұл құжатты қолдап, еліміздің болашағына үлкен кепілдік болады деп үміттеніп отырмыз. Менің көзім жеткені әсіресе кәсіпкерлер, еңбек ұжымдары, нағыз іспен айналысатын азаматтарымыз референдумға қатысамыз деп айтуда.     

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz