RU
Толық нұсқаға өту

Цифрлық әскер – заманауи формат

21.02.2026, 15:30 242

Сенат депутаттары «Сарбаз+» жобасымен танысты.

Пилоттық жоба әзірге тек Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімінде жұмыс істеп тұр. Жаңа цифрлық мүмкіндік әскердегі ашықтықты арттырып, қоғам мен әскери өмір арасындағы байланысты нығайтуды көздейді. Пилоттық жобаны депутаттарға Қорғаныс министрінің өзі таныстырды. ARMIA.KZ ақпараттық сервисі де көпшілік назарына ұсынылды. Бұл платформалар сарбаздарға ғана емес, ата-аналарға да қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Іс-шара «SARBAZ+» жобасының таныстырылымымен басталды. Қонақтар жауынгерлердің жатын орны, дайындық сыныбы мен демалыс бөлмесімен аралап көрді. Бұл әскери бөлімде воркаут және стритбол алаңдары, заманауи спортзал, жаттығу құрылғылары мен жекпе-жек клубы да жұмыс істейді. Мұның барлығы әскери қызметті бұрынғыдан да қауіпсіз әрі технологиялық деңгейге көтеруді көздейді. 

Дәурен Қосанов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Камералар бәрі интелект, жасанды интелектпен. Бәрін енді көріп тұрады. Солдат қай жаққа кетті, қай жаққа шықты. Ана қызыл линиядан шығып кетті ма. Болашақта караул деген бұрынғыдай, солдат 24/7 вышкада, далада тұрмау керек. Соны жасанды интелект камераларымен жабдықтап, әрбір обьекті. Енді солдаттар енді тек қана караул помещениеде отырады да, оператор экранға қарап отырады.

Бұдан кейін делегация оқу корпусына бет алды. Электронды тирдің жұмысы көрсетіліп, радиобайланыс мамандарын даярлау сыныбы таныстырылды. Сондай-ақ дрон операторларын және технология жүйелерін дайындайтын кабинеттер көрсетілді.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Болашақта іске қосылатын, дәл қазіргі кезде пилотты жоба ретінде «Сарбаз+» атты бағадарламасымен, сонымен қатар ARMIA.KZ атты бізге бағдарламалар тұсауы кесілді, көрсетіліп.Болашақта өзінің әскери борышын өтейтін азаматтар, сол арнайы сайтқа, арнайы бағадраламаға кіріп, жалпы бұл бөлімшелердің жұмысымен таныса алады. Сонымен қатар, одан бөлек ата-аналарға да бағытталған  арнайы бір ақпарат бар.

Іс-шара «Армия заманауи форматта. Әскери-патриоттық тәрбие» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен жалғасты. Жиын Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінде өтті. Патриоттық тәрбиенің қазіргі жағдайына жан-жақты баға беріліп, мектептен әскерге дейінгі сабақтастық мәселесі талқыланды. Қатысушылар Парламент пен уәкілетті органдарға нақты ұсыныстар әзірлеу қажеттігін айтты.

Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ал енді жастарға патриоттық тәрбие беруде осы колледждің атқарып жатқан ісі өте жоғары деп ойлаймын. Себебі бұл жерде тек қана спорт емес, бұл жерде әрбір салада жаңағы қазақ тілі, тарих, математика барлық сала бойынша қамтылған. Мына патриоттық тәрбие беруге көптеген шаруалар атқарылған.

«Сарбаз+» жобасы әзірге 78460 әскери бөлімінде политты режимде жұмыс істеп тұр. Қорғаныс министрлігі ашықтықты арттыруға бағытталған жүйені болашақта басқа әскери бөлімдерге де енгізуді жоспарлап отыр.

Ернұр Рысбай, Кенже Амраев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz