Бүгін Алматыда күн райы күрт өзгерді. Қаланы қалың қара бұлт торлап, артынша қатты жел көтерілді.
Айнала әп-сәтте қараңғыланып, тұрғындар табиғат құбылысын әлеуметтік желіде жарыса жариялады. Қазгидрометтің хабарлауынша, қалада желдің екпіні секундына 11 метр болса, таулы аймақта дауылдың күші секундына 15 метрге жеткен. Шымбұлақ тау-шаңғы курорты мен Медеу аумағында ағаштар құлап, жол қозғалысына кедергі келтірді. Қатты желден аспалы жолдағы кабиналар шайқалып, демалушылар алаңдап қалды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Тегтер #Алматы #ауа райы #жел #бұлтPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz