Жаңа Конституция жобасы – уақыт талабына сай жаңарған қоғамның құндылықтары мен басымдықтарын айқындайтын құжат.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты, сарапшылар алаңында осылай деді. Елордада өткен диалог алаңында Парламент депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, сарапшылар мен академиялық қауым-дастықтардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері бас қосты.
Сарапшылар алаңында Ерлан Қарин, жаңа Конституцияның өзегіне енген қоғам сұранысын атап өтті. Негізгі басымдықтардың бірі экология, әйелдердің құқығын қорғау, дәстүрлі құндылықтар мен мемлекеттің зайырлы сипатын нақты әрі айқын түрде айқындау. Конституция – жай ғана жоғары заңдық құжат емес, ол – қоғамдық келісімнің көрінісі. «Осы тұрғыдан алғанда, жаңа жоба ұлттық болмысымыз бен негізгі мәселелер бойынша табиғи түрде қалыптасқан қоғамдық келісімді айқынырақ бейнелейді», - деді Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Ата Заң жобасында ұлттық заңнама мен халықаралық міндеттемелердің аражігі бірқатар баптардың негізгі ережелері арқылы айқындалған. Осы тұста мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Конституцияның ең жоғары заңдық күшке ие екенін ерекше атап өтті.
Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Сарапшылар жаңа Конституцияның мазмұнды, әрі құқықтық бағытта әлеуеті айқын көрінетінін атап өтті. Адам құқықтары саласындағы түзетулер барлық халықаралық талаптарға сәйкестендірілген. Бұл ең алдымен құқық үстемдігі, құқықтық мемлекет қағидаттары, экологиялық құқықтар, әлеуметтік-экономикалық құқықтардың айқындығын көрсетеді.
Жаңа Конституция жобасы бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жүрді. Сараптамалық алаңда сарапшылар Жаңа Конституция жобасында халықаралық шарттардың қолданылу тәртібін айқындау мәселесі Құрылтайдың құзыретіне кіретінін айтты. Бұл өз кезегінде жоғары заң шығарушы органның жауапкершілігін арттырады.
Жандос Сәрсенбеков, саясаттанушы:
- Қазіргі заманға лайықты, бүгінде тез шешім қабылдау үшін өзгеріске беріп жатыр. Сонымен қатар, екі палаталы парлментің орнына шешім қабылдау үрдісін тездетуге бағытталған. Бізде екі палалаты парламентті алдымен мәжілісте қаралып, үш отырыс, кейін сенатта қаралып Президентке жіберілетін болса, енді алдағы уақытта бір палаталыға орнығады. Бізде заңда екі есе тез болады. Сонымен қатар үкіметтің жауапкершілігі, үкіметтің парламенттің алдындағы жауапкершілігі де артуда.
Сарапшылар бірауыздан Жаңа Конституция елдің болашағына бағытталған құжат екенін жеткізді. Негізгі заң жобасында бекітілген қағидаттар - адам құқықтары мен заңның үстемдігін қорғаудан бастап ғылымның, білім мен өнердің басымдығына дейін Қазақстанның прогрессивті және жан-жақты дамуына негіз жасайды.
Авторлары: Айнұр Қуатқызы Мұрат Әріпханов
Тегтер #Конституция жобасы #талқылау #Ерлан Қарин
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz