Биыл балалардың айнымас серігіне, ой бөлісер сырласына айналған «Айгөлек» журналына 25 жыл толды. Ширек ғасырлық тарихы бар басылым бүгінде оқырман санын 80 мыңға жеткізді.
Алғашқы саны, сонау 2000 жылы ақын Қымбат Әбілда-қызының бастамасымен, жеке қаржысымен кішкентай оқырманға жол тартты. Бетіндегі әр айдары өскелең ұрпақтың ұстаханасы іспетті. Отан, табиғатты сүюден бастап, түрлі тақырыпты қамтитын жазба бұрыштары балақайларға арналды. Астанада басылымның мерейтойлық жиыны өтті.
Қымбат Әбілдақызы, «Айгөлек» балалар журналының авторы:
- Ғасырлық өлшемнің басталуы 25 жыл ширек ғасырдан басталады. Әркім әртүрлі мерейтойлар өткізіп жатады ғой. Бірақ ғасырлық өлшем 25 жылдан басталады. Айгөлек журналының 298 саны шықты. Айгөлек бір саны еш уақытта шықпай қалған жоқ. Өйткені бұл періште балаға деген менің бөтен бала көрмегем.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #айгөлек #25 жыл #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz