RU
Толық нұсқаға өту

Тараздықтар жаңа Конституцияны қолдайды. Сауалнама

22.02.2026, 13:15 223

Жаңа Конституция жобасын ел тұрғындары қолдайды. Олардың айтуынша, Ата заңдағы өзгерістер мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып, ел тұтастығын айқындай түседі.

Сондай-ақ жаңа Конституция жобасында әлеуметтік мәселелердің бәрі қамтылып, азаматтардың құқығын қорғайтын басты құжат болатынына сенімді.

Сауалнама:

- «Дәл осы Ата заңда қазақ тілінің аясы, оның қолданылу көкжиегін кеңетуіне кепілдік беретіндей болып көрінеді. Өйткені бұл Ата заңның өзі қазақ тілінде жазылғанның өзі соның бір жарқын дәлелі деп ойлаймын».

- «Жақсы өзгерістердің бірі ол Қазақстанның кең байтақ жері қазақ еліне тиесілі, халқына қалады. Ешқандай шетелдік азаматтарға сатылмайды, берілмейді. Сондықтан мен жаңа Конституцияның реформасын қолдаймын».

- «Адамға құрметпен қарау заңға құрметпен қарау, әлеуметтік жауапкершілік тең мүмкіндіктер, осының бәрі қарастырылған. Және цифрлық мәселелер, адамның жеке деректерінің қолды болмауы осы мәселелердің барлығы қамтылған».

- «Тегін медициналық көмектер алуына, соның ішінде тегін білім алуына, әсіресе орта білімдерді тегін алуына басым бағыттар берілген. Сондықтан алдағы уақытта Конституциядағы өзгерістер еліміздің дамуына үлес қосады деген сенімдемін».

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz