Жаңа Конституция жобасы - экономикалық дамудың кепілі.
Экономист Бекнұр Қисықов осылай дейді. Оның пікірінше, жаңа құжат алыс-берісті арттырып, оң өзгерістерге ықпал етеді. Себебі Ата заңның жаңа жобасында билік құрылымы нақты айқындалып, құқықтық кепілдіктер бекітілген. Бұл инвесторлардың сенімін арттырып, іскерлік ахуалды жақсартуы мүмкін. Сонымен қатар адам капиталын, білім мен ғылым және инновацияны дамытуға басымдық берілуі жалпы экономикалық өсімге әсер етеді.
Бекнұр Қисықов, экономист:
- Өзгерістер жаңа экономиканы қалыптастыруға, бизнестің дамуына, капиталдың артуына, яғни елдің экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал ететін барлық бағыттарға негіз болатын платформа қалыптастырады. Жалпы алғанда мен оң тұстарға назар аударғым келеді. Қазір құжат талқыланып жатыр. Бұл жақсы құбылыс. Референдумда әркім өз пікірін білдіре алады. Ал нақты өзгерістер жайлы науқаннан кейін ғана айтуға болады.
Тегтер #конституциялық реформа #экономика #24KZ #референдум 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz