Қазір шаруалар минералды тыңайтқыштың көмегімен ғана өнім алып отыр. Топырақ құрамындағы қарашірік көлемі бір пайыз шамасында қалған.
Фосфор мен азот элементі де азайған. «Бұл мәселені шешу үшін сегіз танапты ауыспалы егістік әдісін сақтау керек», - дейді ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Әсет Тоқтамысов. Өңірде егіндік жердің 80 пайыздан астамы әртүрлі деңгейде тұзданған. Ғалымның айтуынша, топырақ құнарын сақтау шаралары ескерілмесе, суармалы жер жарамсыз күйге түседі.
Әсет Тоқтамысов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы:
- Соңғы мәліметтер бойынша, біздің Қызылорда облысында 270 мың гектар деп отырмыз ғой, соның 190 мыңы пайдаланылып, қалғаны пайдаланылмай отыр ғой. 60 мың гектардайы жалпы айналымнан шығып қалып отыр. Ол балшықтанған, шалшықтанған, екінші мәрте қайта тұзданған. Екі жыл күріш еккеннен кейін, түйежоңышқаны егетін болсақ, бір жыл. Келесі жылы көктемде оны жасыл тыңайтқыш есебінде турап, топыраққа ендіріп жіберуге болады. Сөйтіп топырақ құнарлығын әрі қарай арттыруға болады.
Тегтер #Қызылорда облысы #суармалы жер #егіндікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz