Ақтөбе облысында 22 мың гектар жер шабындық тұрмақ, жайылымға да жарамайтын тақырға айналған.
Өңірде құнарсыз жерлерді қайта қалпына келтіретін пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазақстан экологиялық ұйымдарының қауымдастығы және Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы» 1 млн 300 мың гектар аумақты зерделеді. Нәтижесінде жел мен су эррозиясына ұшыраған аудандар анықталды. Талдысай ауылдық округі және Аралтоғай елді мекеніне тиесілі 550 гектарға көпжылдық өсімдіктердің тұқымы себілмек. Сонымен қатар фермерлік дала мектептері құрылып, шаруаларға тозған жерлерді қайта қалпына келтірудің әдіс-тәсілдері үйретіледі.
Қанат Советов, Жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:
- Пилоттық бағдарлама 2025 жылы бастау алып жұмыстар үш жыл мерзімге жүзеге асыру жоспарланған. Жерді тегістеу және арнайы техникамен қамтамассыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бұл жерде тыңайтқыш шөптерді егу, оның ішінде житняк, жоңышқа шөптерін егеді. Арнайы қоршау жасап тиісті ауылшаруашылық жер иелерімен жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ақтөбе #құнарлы жерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz