RU
Толық нұсқаға өту

Референдум бюллетенінің мәтіні бекітілді

23.02.2026, 17:30 172

15 наурызда өтетін республикалық референдум бюллетенінде бір-ақ сұрақ жазылады. Азаматтарға жаңа Ата заңды қабылдау немесе қабылдамау таңдауы беріледі.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньдердің техникалық параметрлерін айқындады. Парақшаның түсі, қарпі бекітілді. Қорғаныс қабаты мен баспа сапасына да ерекше мән берілген. Жалпы референдумде 12 млннан астам қазақстандық дауыс бере алады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың саяси науқанға кедергісіз қатысуына барлық жағдай жасалған. Референдум күні қала көшелерінде арнайы инватаксилер қызмет көрсетіп, көру қабілеті нашар жандар үшін Брайль қарпімен жазылған трафареттер қолжетімді болады. Ал сайлау учаскелері бірінші қабатта болады. Сондай-ақ пандустар, тактильді жолақтар және арнайы бейімделген кабиналармен жабдықталады. Оған қоса электронды үлкейткіш құрылғылар мен индукциялық дыбыс жүйелерін қолдану жоспарлануда.

Кенжеғұл Сейтжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі ресми өкілі:

- Құлағы нашар еститін азаматтарға толық сурдо-аудармашылар қамтамасыз етіледі. Мен бұл туралы бірінші рет естіп отырмын. Барлық өңірлер мүгедектігі бар азаматтарға инватаксилар біріншіден тегін, екіншіден көбейтілетіні жайлы айтты. Өздеріңіз білесіздер, бізде әр өңірде мүгедектігі бар азаматтардың саны көп, олардың дауыс беретін саны 50 мыңнан асады. Солардың барлығына 15 наурызда ол кісілерге инватаксиді толық қамтамасыз етіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz