Шымкентте медицина қызметкерлері Конституцияның жаңа жобасын талқылады.
Халықтық коалиция мүшелері мен Парламент депутаттары Ата заңға енгізілетін өзгерістердің мәнін түсіндірді. Сенаторлар Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова бұл жолғы реформада адам құқығын қорғау, әлеуметтік әділеттілік және заң үстемдігіне басымдық берілгенін жеткізді. Сонымен қатар жаңа жобада цифрландыру заманындағы жеке деректерді қорғау мәселесі конституциялық деңгейде бекітілмек. Кездесуде денсаулық сақтау саласы мамандарын толғандырған әлеуметтік кепілдіктер мен құқықтық қорғауға қатысты сауалдарға нақты жауап берілді.
Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Халық та өзінің тарапынан өте белсенді түрде біз қай жерде кездесу өткізсек те алдын ала жарияланған мәтінмен таныс. Сұрақтары болса, түсіндіріп беріп жатырмыз. Ұсыныстары болатын болса, оны да талқылап, қарап жатырмыз. Сондықтан 15 наурызда үлкен жауапкершілікпен қарайды деген сенім бар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #референдум 2026 #ШымкентPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz