RU
Толық нұсқаға өту

Тараздықтар жаңа Конституцияны қолдайды. Сауалнама

23.02.2026, 23:20 267

Жаңа Конституция жобасын ел тұрғындары қолдайды. Ата заңдағы өзгерістер мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып, ел тұтастығын айқындай түседі.

Жұрт жаңа Конституция жобасында әлеуметтік мәселелердің бәрі қамтылып, азаматтардың құқығын қорғайтын басты құжат болатынына сенімді.

Сауалнама:

- «Дәл осы Ата заңда біздің қазақ тілінің аясы оның қолданылуы көкжиегін кеңетуіне кепілдік беретіндей болып көрінеді. Өйткені бұл Ата заңның қазақ тілінде жазылғанның өзі соның бір жарқын дәлелі деп ойлаймын».

- «Жақсы өзгерістердің бірі ол Қазақстанның кең байтақ жері қазақ еліне тиесілі, халқына қалады. Ешқандай шетелдік азаматтарға сатылмайды, берілмейді. Сондықтан мен жаңа Конституцияның реформасын қолдаймын».

- «Адамға құрметпен қарау заңға құрметпен қарау, әлеуметтік жауапкершілік тең мүмкіндіктер, осының бәрі қарастырылған. Және де цифрлық мәселелер, адамның жеке деректерінің қолды болмауы осы мәселелердің барлығы қамтылған».

- «Тегін медициналық көмектер алуына, соның ішінде тегін білім алуына, әсіресе орта білімдерді тегін алуына басым бағыттар берілген. Сондықтан алдағы уақытта конституциядағы өзгерістер еліміздің дамуына үлес қосады деген сенімдемін».  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz