RU
Толық нұсқаға өту

Шекара маңындағы ынтымақтастық талқыланды

24.02.2026, 19:09 115

Қазақстан өңірлерінің Орынбор облысымен тауар айналымы былтыр $6 млн доллардан асты. 

Елдің маңызды серіктесі әрі көлік-логистикалық торабы саналатын өңірмен байланыс әлеуеті әлі де мол. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевпен кездесіп, шекара маңындағы ынтымақтастықты талқылады. Тараптар сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистикалық инфрақұрылымды қаузады. Өңіраралық өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық байланысқа назар аударылды. Шекара маңы ынтымақтастығы Қазақстан-Ресей қатынасын дамытудағы негізгі факторлардың бірі ретінде аталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz