Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары азайды.
Былтыр қаңтар айында отбасылық қарым-қатынасқа қатысты 23 құқық бұзушылық тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 9-ға дейін төмендеді. Мамандардың мәлімдеуінше, оған заңнамадағы өзгерістер себеп. Қазір құқық қорғаушылар жәбірленушінің арызы болмаса да, зорлық жасаған адамды жауапқа тарта алады. Егер дәлелденген материалдар болса, іс бірден сотқа жіберіледі. Қорғау шараларымен қатар міндетті психологиялық көмек көрсетіледі.
Диляра Сатарова, ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бөлім бастығы:
- Соңғы 10 жылдағы тіркелген құқық бұзушылықтарға талдау жасай келе, біздер өз отбасының тыныштығын алып, бала-шағасына күш көрсететін 500 азаматты анықтадық. Олардың ішінен 100 жанұямен қосымша жұмыстар жүйелі жүргізіледі. Өйткені ол азаматтар отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы заң бұзушылықтарды қайталауы ықтимал тәуекел тобына жатады.
Тегтер #БҚО #тұрмыстық зорлық зомбылық #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz