RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституция жобасы: адами капитал - мемлекеттің басымдығы

25.02.2026, 22:29 157

Адами капитал - мемлекеттің басымдығы.

Жаңа Конституция жобасында адам өмірі мен денсаулығы, құқығы мен бостандығы басты құндылық ретінде белгіленген. Осыған байланысты өскелең ұрпақтың отансүйгіш әрі білімге құштар болып өсуі аса маңызды. Әр салада білікті кадрлар мен мықты ғылыми тұғыр қажет. Жұмысты жеңілдету әрі жеделдету үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект енгізіліп жатқаны да сондықтан. Бүгінде елімізде 7 млн астам бала бар. 700 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Болашақта ел экономикасының тағдыры осы жастардың қолында. Мемлекет білім беру саласын қаржыландырып, мектептер мен жоғары оқу орындарын жаппай салып жатыр. Мұның бәрі елдің адами капиталына құйылып жатқан инвестиция, дейді сарапшылар.

Алишер Сатвалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Жаңа бір бағытымыз бұл шикізаттық үлгіден, білімге, адам құндылықтарына қарай өтіп жатқанымыз, бұл құндылықтық бетбұрысымыз. Ең алдымен біз білімді ұрпақ тәрбиелеу, сол арқылы ертеегі болашағымызды кепілдендіруге мүмкіндік алатын боламыз. Және сонымен бір қатарда бұл әрине сабақтастық. Бұл жерде қаржы бөліну мәселелері бар, түрлі институттардың жұмысы бар. Осы тұрғыдан да кепілдік беріледі деп күтілуде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz