Былтыр екі мемлекеттің өзара тауар айналымы 107 млн доллардан асты. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен 7 жарым пайызға көп.
Қазақстан экспорттаған өнімдердің негізгі үлесі ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Әсіресе, қарақұмық, тары, жүгері сияқты дәнді-дақылға сұраныс артқан. Экспорттың жалпы көлемі 28 млн долларға жуықтады. Ал Сербиядан шамамен 80 млн доллардың тауары сатып алынған. Оның ішінде күнбағыс тұқымы, темекі шикізаты, қағаз-картон, дәрі-дәрмек сияқты өнім түрлері бар.
Тегтер #қазақ серб #тауар айналымы #экспортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz