Қызылордада қар аралас жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа айналды. Электр сымдарына мұз қатып, желілер үзілді.
Бірнеше бағана мен ағаш құлады. Оннан астам шағын аудан жарықсыз қалды. Қоғамдық көлік қозғалысы қиындады. Оқушылар онлайн оқуға көшті. Қазір 18 бригада және 20 арнайы техника қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше бағытта жолдар жабылды.
Асхат Оразбеков, облыстық ТЖД басқарма бастығы:
- Қызылорда облысы көлемінде қазіргі таңда ауа райының қолайсыздығына байланысты екі республикалық және үш облыстық маңызы бар автокөлік жолдарында барлық автокөлік түрлеріне шектеу қойылды. Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда қаласы ішіндегі де мұз кептелісі, жаңағы көктайғақ болмау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен тиісті тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Тегтер #Қызылорда #көктайғақ #жаңбырPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz