Жасанды интеллект адамдар істейтін жұмысқа жармасып жатыр. Тіпті жылдам әрі қатесіз орындайтыны сондай, біраз маманды орнынан ығыстырары хақ.
Әсіресе механикалық және белгілі бір алгоритмге негізделген қызмет түрлері автоматтандырылады. Бұндайда жаңа технология тілін меңгеруден басқа амал қалмайды.
Марал Нығметжанова, «Talap» КЕАҚ Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бөлім басшысы:
- Мысалы, аудит және есеп мамандығын қарастырайық. Бұл жерде қарапайым бухгалтерлік операциялар, бастапқы құжаттарды енгізу, шот фактуралыр толтыру сияқты жұмыстар қазірдің өзінде де автоматты түрде орындалады. Болашақта күрделі қаржыландыруға талдау жасайтын мамандар ғана сұраныста болады. Сондай-ақ Call-орталық операторларының да саны қысқарады. Себебі қазірдің өзінде чат боттар мен дауыстық боттар стандартты сұрақтарға жауап бере алады. Сондай-ақ қарапайым мәтіндерді аударатын аудармашыларға да сұраныс төмендеуі мүмкін. ЖИ аударма құралдарын күн санап жетілдіріп келе жатыр.
Әйтсе де, жасанды интеллект билігін жүргізбес үшін оны қадағалайтын мамандар қалады. Сондай-ақ болашақта мехатроника, робот техникасы, дрон операторлары және өндірістегі ІТ мамандар мен цифрлық жабдықтармен жұмыс істейтін шеберлерге сұраныс артады, - дейді сарапшы. Сондықтан кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары заман талабына қарай бұрыла бастаған. Жаңа мамандықтар бес негізгі бағытты қамтиды. Колледждерде жасанды интеллект модельдерін әзірлеушілер даярланып жатыр. Олар оны нақты бизнес-үдерістерге бейімдейді. Сондай-ақ Big Data талдаушылары мен киберқауіпсіздік техниктерін оқыту маңызды. Өнеркәсіп пен инженерия да ілгерледі. Осы ретте өндірістік робототехника инженер-конструкторлары, виртуалды прототиптеу мамандары және 3D-баспа инженерлеріне иек артамыз. Ал құрылыс және сәулет саласына цифрлық жобалаушылар қажет. Дәстүрлі ауыл шаруашылығы да технологиялық сипат ала бастады. Соған сай агроинформатиктер мен егін алқаптарын бақылап, дәрілеу жұмысын жүргізетін дрон операторлары оқытылып жатыр. Бесінші бағыт – экология және жасыл энергия. Энергия үнемдеу технологияларының инженерлері күн мен қоршаған ортаға зиянсыз материалдар мен қаптамалар өндіретін мамандарды даярлауға да көңіл бөлінген. Бірақ аталған кәсіп иелеріне бейімдеу бірден емес, бірте-бірте іске асырылады.
Марал Нығметжанова, «Talap» КЕАҚ Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бөлім басшысы:
- Қазіргі уақытта бізде бұл бастапқы деңгейде. Себебі оператор дрондарын оқыту бойынша бірқатар колледждер бастап кетті. Ұшақсыз ұшу дрон операторларын даярлау бойынша Талдықорған мен Өскемен политехникалық колледжері және Алматыда көп салалы колледждерде лицензияларын алып, ұшақсыз ұшу операторларын даярлауға көшуде. Жасанды интеллект бойынша қосымша оқыту жүзеге асырылып жатыр. 2025–2027 жылдары 140 000 студент және 40 000 педагог ЖИ саласында базалық білім алады деп жоспарланып отыр: студенттер үшін факультатив сабақтар, педагогтер үшін семинарлар мен біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады.
Мехатроника
Робот техникасы
Дрон операторы
Өндірістегі ІТ маман
Цифрлық жабдықтар шебері
ЖИ енуіне байланысты жаңа мамандықтар
1. Цифрландыру: колледждерде жи-модельдерін әзірлеушілер
Big data аналитиктері
киберқауіпсіздік техниктері
2. Өнеркәсіп және инженерия: өндірістік робототехника инженер-конструкторлары
Виртуалды прототиптеу мамандары
3D-баспа инженерлері
3. Құрылыс және сәулет: цифрлық жобалаушылар
4. AGROTECH: агроинформатиктер
Ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторлары
5. Экология және жасыл энергия: энергия үнемдеу технологияларының инженері
Қоршаған ортаға зиянсыз материалдар мен қаптамалар өндіруші
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #жасанды интеллект #технологияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz