RU
Толық нұсқаға өту

Астанада цифрлық дәуірдегі ұстаздың жаңа рөлі талқыланды

26.02.2026, 18:00 161

Жасанды интеллект ұстаздарды қағазбастылықтан арылтып, олардың кәсіби рөлін түбегейлі өзгертеді.

Цифрлық трансформация жағдайында мұғалімдер түрлі дағдыларды меңгеріп, заманауи білім беруді күнделікті дағдыға айналдырды. Елорданың Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицейінде «Цифрлық трансформация дәуіріндегі мұғалімнің жаңа рөлі» атты халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференция өтті. Шарада мектеп қабырғасында цифрлық және жасанды интеллект құралдарын тиімді енгізу жолдары талқыланды. Сондай-ақ педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға арналған кәсіби алаң құрылды. АҚШ, Қырғызстан, Үндістан, Нигерия, Татарстан және еліміздің әр өңірінен келген ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, цифрлық дәуірде мұғалімнің рөлін айқындауға үлес қосты. Ұйымдастырушылар бұл бастаманың мұғалімдердің кәсіби дамуына әсер ететінін атап өтті. Конференция барысында жаңа оқыту бағдарламалары мен цифрлық әдістемелер көрсетілді. Кәсіби шеберлік бойынша тренингтер өткізіліп, ұстаздар практикалық дағдыларды меңгерді.

Асыл Аманкелдиева, Астана қаласы Білім басқармасының бөлім басшысы:

- Ұстаз білім беруші ғана емес, ол осы цифрлық әлемдегі оқушылардың танымдық қабілетін ашатын, оқушыларды дарытатын тұлға. Осы ЖИ-ды ұстаздарға көмекші құрал ретінде қалай пайдалану керектігін, халықаралық деңгейде тәжірибе алмаса отырып, осы ұстаздардың рөлін насихаттау.

Сәтжан Омаров, Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-директоры:

- Әр мемлекет осы ЖИ тақырыбындағы негізгі терминді өздерінің білім саласындағы даму мүмкіндіктеріне қарап қарастырып жатыр. Сондықтан басты мақсат – басқа мемлекеттердегі үздік, озық тәжірибелерді өзімізге қабылдау, және өзіміздің мүмкіндіктерімізді басқа мемлекеттен келген қонақтарға таныстыру.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz