Павлодарда алты облыстың күйшілері «Күй – қазына» байқауында бас қосты. Ерекше форматтағы додада 18 домбырашы үш кезең бойынша топпен өнер көрсетуде.
Әр команда үш қатысушыдан құралған. Олар бір төкпе күй, бір шертпе күй және халық күйі «Ақсақ құланды» орындайды. Байқау тек орындаушылық шеберлікті ғана емес, студенттердің интеллектуалдық деңгейі мен шығармашылық ойлау қабілетін де айқындайды. Бұл – ұлттық өнерді ұлықтап, күй құдіретін терең танытатын әрі Рүстембек Омаров мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған мазмұнды күй сайысы. Өнер бәйгесіне Қарағанды, Өскемен, Семей, Астана, Көкшетау қалалары мен Павлодар музыкалық колледжінің студенттері қатысуда. Жеңімпаздарға Рүстембек Омаров атындағы арнайы сыйлық табысталады.
Нұрмұхамет Жаханов, Тәттімбет атындағы Қарағанды колледжінің студенті:
- Жалпы осы сынды конкурстар бұрын соңды болмаған. Себебі осыған дейін біз тек орындаушылықпен айналысып, мысалға командалық конкурстар оған дейін болып көрмеген. Бірінші турдың өзінде бір күйдің тарих желісін айтып, орындап өзіміздің өнерімізді халыққа паш етеміз. Менің ойымша, осындай конкурстар өнер адамдары үшін өте қызық.
Серік Сыздықов, Музыкалық кешенінің директоры:
- Халық аспаптар бөлімінің 35 жылдығына арналған «Күй-қазына» - атты үлкен іс-шара қолға алынып отыр. Бірінші өңірлік домбырашылар-күйшілер сайысы. Бұл сайыс тек орындаушылық сайыс емес, бұл интеллектуалды сайыс болып естелінеді. Өйткені бұл жерге қатысушылардың барлығы күйді тек орындап қана қоймай, оның шығу тарихына, композиторын, оның шығармашылығын, автобиографиясын жалпы күй тарихы бойынша, күй өнері бойынша терең мағлұмат беруге тиісті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Павлодар #күй өнеріPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz