Қазақстандықтар жаңа Конституция жобасында жазылған отбасы институтының ролін ерекше атап отыр.
Тұрғындардың пікірінше, көптеген этносты біріктірген қазақ мемлекетінде барлық азаматқа бейбіт өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасалған. «Жаңа мәтіндегі Ата заң жобасы қоғамды бір мүддеге ұйыстырып, дамушы елге тың қарқын береді. Соның ішінде цифрлық құқықтың қорғалуы, әсіресе мемлекеттік тіл мәртебесіне мән берілуі - заман талабы» - дейді көпшілік.
Сауаланама:
- «Цифрлық технологияларды, цифрлық платформаларды қолдану күннен күнге артып бара жатыр. Ал ол бағыттағы адам өзінің міндеті мен құқықтарын білгені, ол өте дұрыс қадам».
- «30 жыл деген жас жігіттің өмірі. Ал ол жігіттің негізгі саналы өмірі 30-дан кейін басталады. Сол себептен Конституция бір орында тұрмайды деп ойлаймын. Адамдар өсіп-өнген сияқты біздің мемлекетіміз де жылдан жылға дамып, біз алпауыт мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін қай тілді білсек те артық емес».
- «Қазақ тілі мәртебесіне байланысты - қаншама ұлтпен дос болсақ та, қаншама тілді білсек те мемлекеттік тіл - қазақ тілі екенін ұмытпауға тиіспіз. Біздің мемлекетімізде тұрғандықтан орыс тілі, ағылшын тілі де қатар жүреді, қарым-қатынас тілі болып табылады».
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #референдум 2026 #сауалнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz