RU
Толық нұсқаға өту

Оралда су тасқынына қарсы дайындық пысықталды

26.02.2026, 22:40 50

Батыс Қазақстан облысы аумағында қардың қалыңдығы 35 сантиметрге, ал тоң қабаты 83 сантиметрге дейін жетеді.

Егер екі жыл бұрынғыдай күн күрт жылынып, жауын-шашын мөлшері артса, су басуы мүмкін. Бұл туралы бүгінгі өткен «Көктем–2026» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиынында айтылды. Оқу-жаттығуға 1862 адам және 482 дана техника жұмылдырылды. Құтқару қызметі мен коммуналдық кәсіпорын мамандары су басу жағдайындағы іс-қимыл алгоритмін пысықтап, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету машықтарын жетілдірді. Тасқынға қарсы шаралар аясында былтырдан бері 12 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып, Киров су қоймасы күрделі жөнделді. 150 шақырым магистральды канал тазартылды. Қазір қолданыстағы 10 гидробекетке қосымша тағы 2 бекет орнату жоспарланып отыр.

Қалияр Айтмұхамбетов, БҚО әкімінің орынбасары:

- Дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар мұз жару жұмыстарына биыл 230 млн теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу аяқталды, мердігер белгіленді. Сонымен қатар биыл көктемгі су тасқынына аудандар, қала аумағынан 5600 адам, 2009 арнайы техника, 500-ге жуық су сору техникасы, 128 жүзу құралдары және 317 уақытша орналастыру пункттері дайындалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz