Далада пойыздар тоқтап қалып жатыр.
Себебі қараусыз мал көп. Қар қалың болған соң даладағы жылқы, қыстаудағы қой мен сиыр да темір жолға шығып кетеді.
Соның бір мысалы Ерейментуда. Былтыр бір ғана Ерейментау станциясында пойыздар 31 рет тоқтаған. Ал биылдыққа бір жарым айдың өзінде 10-нан асып кетті.
Жалпы, өткен жылы жарты жылда елде пойыздар 554 мәрте кенеттен тоқтауға мәжбүр болған. Соның 401-іне темір жол үстінде жүрген мал себеп.
Нұрқанат Қанапия, тілші:
- Кейінгі жылдары Ерейментауда мал басы көбейіп келеді. Әрине малдың көбейгені жақсы. Бірақ осы малдың пойыздың астына түсу оқиғасы жиілеп кетті. Мәселен, былтыр 31 оқиға тіркелсе, биыл жыл басынан бері 12 жағдай анықталды. Салдарынан пойыздар кешігіп, шаруалар шығынға ұшырап отыр.
Теміржолшылар түсірген бейне-фотоларды қарасаңыз, жан түршігеді. Ортасынан қақ бөлініп, ішек-қарны ақтарылған жануарларды көргенде обал-ай дерсіз. Және пойыз бір емес, бірнеше малды бірден қағатын жағдай жиі кездеседі.
Серік Ошанов, Ерейментау жол дистанциясының бас инженері:
- Қазір жылқы малдары өте көбейіп кетті. Олар үйір-үйірімен жүреді. Түнгі уақытта иелері қарамайды. Сондықтан да олар қазір қар қалың болғандықтан теміржолдың бойына шығып кетеді.
Нұрқанат Қанапия, тілші:
- Жүк пойызының тоқтауы да оңай емес. Міне, қазір көріп тұрғандарыңыздай, мына теміржол станциясына кіріп келе жатқан пойыз шамамен 30-40 шақырым жылдамдықпен жүріп келеді. Алайда алдындағы малды көрген күннің өзінде, бұл пойыздың тежегішін басқан күннің өзінде тоқтауы үшін 1 шақырымдай қашықтықты жүріп өтуі керек екен.
Пойыздың астына түскен малдың иесін табу да қиын. Өйткені төрт түліктің қожайыны локомотивке келген шығынның орнын толтыруға міндетті. Және бұл аз ақша емес.
- Подвеску рукаво загнуло. Цепочку оторвало. Рычаг полностью вогнуло.
Айдос Дауылов, Ерейментау станциясы желілік полиция бөлімінің бастығы:
- Көбінесе жедел тежеу алған кезде, соққан кезде жылқы малдарының табарация болмайды. Ірі қара малдарында да кейбіреуінде сырғалары болмайды. Сол кішкене қиыншылық тудырады малдың иесін табуға.
Серік Ошанов, Ерейментау жол дистанциясының бас инженері:
- Жылқы малына көбісіне чип қойылмаған. Сосын барып ешқандай жипиес, несі болмайды. Сосын хозяйндары түнде келген кезде локотивке зақым келген болса, бірден менің малым емес деп айтып, бұрылып кете береді. Темір жол бойында мал ұстау тәртібі қатаң. Яғни болат жолдан 300 метр қашықтағы мал арқандалуға тиіс. Ал бос жүрген мал екі шақырымнан артық жақындамауы қажет. Егер бұл талаптар орындалмаса, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Жыл ішінде қайталанса, айыппұл сомасы еселенеді. Бұдан бөлек пойыздың кешіккені үшін, локомотивке жасалған зақымның өтеуі сынды шығындар бар.
ТЕМІРЖОЛ МАҢЫНДА МАЛ ҰСТАУ ҚАҒИДАСЫ
300 метр – байлап ұстау
2 км – бақылаумен жаю
Айыппұл – 5 АЕК
Қайталанса – 10 АЕК
Пойыздың кешігуі, локомотивтің зақымдануы. өндірістік емес шығындар
Малын қараусыз жіберіп, қомақты айыппұл төлегендердің бірі Бауыржан Жағыпаров. Жылқысын былтыр қазанда пойыз қаққан. Қанша төлегенін ашып айтпады. Бірақ содан бері алдындағы түлігін көзінен таса қылмайды. Қорада ұстайды, жайылымға шығарса, бағымға қосады. Оның да өз проблемасы бар дейді шаруа.
Бауыржан Жағыпаров, Ерейментау тұрғыны:
- Бағатын жер аз. Әркімнің өзінің жері бар, шөп шабар жері бар. Мал бағатын жерлері бар. Үкіметтің жері бар. Сондай жерлерде бізге баққызбайды. Сосын малдың теміржолға келетіні содан.
Қазір әкімдік теміржол маңындағы малды түгел сырғалаудың амалын қарап жатыр. Себебі ауданда әлі де тіркелмеген жылқы саны 20 мыңға жетуі мүмкін.
Орал Төлеуов, Ерейментау ауданы ветеринариялық станциясының директоры:
- Жылқы малына төрт айға шейін, мысалы, көктемде, апрельде құлындаса, күзге, сентябрь-октябрьге шейін, 4 айдың ішінде құлын тіркелуі керек. Бір елу, алпыс мың жылқы болуы мүмкін егер құлынымен тіркейтін болсақ, заңды түрде, апрельде құлындады, апрельде тіркейтін болсақ, бұл жерде кемінде 20-30 пайыз 44-тің үстіне жай қосылады. Халыққа оны істету үшін тек қана жаңағыдай әкімшілік шара қолданса ғана мүмкін сырғалайтын шығар тегін нәрсені.
Иә, әзірге бұл жоспар. Ал станция қоршауды түгендеуге күш салып отыр. Былтыр 35 шақырымға шарбақ тартылды. Биыл 70 шақырымға салу жоспары бар.
Нұрқанат Қанапия, Бағдат Қайыркен
Тегтер #Таңдаулы #мал #темір жол #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz