RU
Толық нұсқаға өту

Астанада Алғыс айту күніне арналған форум өтті

27.02.2026, 13:31 40

Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Алғыс айту күніне арналған Республикалық форум өтті.

Шараға этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жастар және еріктілер ұйымдарының өкілдері қатысты. Пленарлық отырысты ашқан Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ведомство басшысы Аида Балаеваның құттықтау тілегін жеткізіп, Алғыс айту күні қоғам бірлігін нығайтатын ерекше мерекелердің бірі екенін атап өтті. Ал қоғамдық ұйым өкілдері волонтерлік және әлеуметтік бастамалар арқылы қолдау көрсету алғыс айтудың көрінісі екенін алға тартты. Былтыр еріктілер күшімен  республика бойынша 130 мыңнан астам қайырымдылық іс-шара өткізілді. 2 миллионнан астам азаматқа нақты қолдау көрсетілді.

Шерзод Полатов, республикалық этномедиация кеңесінің төрағасы, қалалық "өзбек этномәдени орталығының" төрағасы:

- Алғыс айту күнінде біздің меценаттарымыз қайырымдылық жұмыстарды атқарады. Біз мұқтаж болған отбасыларға және осындай көп балалы отбасыларға өзіміздің ілтипатымызды, көмегімізді көрсетіп келеміз. Бүгін осы жұмыстар туралы да біздің жиынымызда айтылды. Біз осы жұмысты тоқтатпаймыз. Оны жалғастыратын боламыз. Осындай көмектердің арқасындай көңіліміздің арқасында біз шынайы алғысымызды білдіре аламыз, көрсете аламыз және әрі қарай қойылған ұлы мақсаттарға тек қана бірлік арқасында жетеміз деп айтқым келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz